Көлік иелері үшін жақсы жаңалық! Қазақстанда тіркелген көлікті қайта тіркеген кезде өтетін байқауды алып тастады. Сіз автомобильді бірінші рет есепке қойған жағдайда ғана нөмірлер міндетті түрде салыстырып тексеріледі. Алайда сіз машинаны ресми дилерлерден алсаңыз, мысалы Kaspi серіктестерінің автосалондарынан Жаңа Көлікке Несие ресімдейтін болсаңыз https://bit.ly/2J5zN1y, нөмірлерді салыстырып тексеру талап етілмейді. Несие бойынша шешімді сіз бар болғаны 15 минуттың ішінде аласыз, ал машинаның кілттерін келесі күні алып кетуіңізге болады. Сонымен бірге сіз енді бар нөмірлердің ішінен кез келген мемлекеттік нөмір белгісін таңдай аласыз. Бос нөмірлер туралы ақпаратты арнайы ХҚО-лардағы стендтер мен терминалдардан білуге болады. Сондай-ақ телнұсқаларды дайындау мерзімдері де қысқарды. Алматы және Астана қалалары үшін белгіні 5 күнде қалпына келтіреді. Қалған аймақтарда – 15 күн. Ал қолданылу мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін айырбастаған кезде медкомиссия өту талап етілмейді. Бірақ сіз жүргізуші куәлігін, қосымша категорияларды бірінші рет алып тұрсаңыз және қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты куәлікті ауыстырсаңыз, бұл анықтама міндетті түрде керек. Жұмыс күндері барлық тіркеу-емтихан бөлімшелері таңғы сағат 9-дан кешкі 18:30-ға дейін және дүйсенбі күндері ашық болады – бұрын дүйсенбі техникалық күн болатын.

Теги других блогов: Көлік тіркеу Несие